Наманган көшесі — Тараз қаласындағы сақталып қалған аты белгілі көшелердің ең көнесі. Оған дейін қала орнында ел қоныстанғанымен олардың орны анық емес. Қоқан ханы Таразды алған соң қазіргі Наманган көшесінің бойына өзбек-тәжік қосындарын орналастырып, «Янги Наманган» деп атайды. Алдымен ол елді мекен ретінде аталса, кейін Әулиеата қаласының бір көшесіне айналады. Тарихи деректер бұл көшенің салынуын 1800 жылдың алғашқы ширегіне жатқызады.Қазақ энциклопедиясы.
Дереккөздер