Кимврлер(лат. Gіmbrі) () – Ютланд түбегін мекендеген герман тайпасы. Б.з.б. 2 ғ-дың аяғында К. оңт-ке қарай қозғалды. Б.з.б. 113 ж. Норе аймағының түбінде римдіктерді жеңіп, Галлияға беттеді, римдіктерге бірнеше рет (б.з.б. 109, 107, 105 ж.) соққы берді. Тевтондармен, гельветтермен, т.б. тайпалармен біріккен Кимврлер Галлияны түгелдей өзіне қаратты. Б.з.б. 102 ж. Римге бет алып, бүкіл Солт. Италияны басып алды, бірақ Верцелла түбінде римдіктерден күйрей жеңіліске ұшырады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жойылып кеткен халықтар Санат:Герман тайпалары Санат:Кельт тайпалары Санат:Дания тарихы