Петр Васильевич Радионов (1925 жылы туған, Қостанай облысы Федоров ауданы Пешковка ауылы) – ветеринария ғылымының докторы (1991), профессор (1994). 1951 Троицк мемлекеттік малдәрігерлік институтын бітірген. 1951-1954 Қостанай облысы Пешковка ауданында бас мал дәрігері 1954-1958 Меңдіқара малдәрігерлік лабораториясының директоры 1958-1965 Қостанай малдәрігерлік ғылыми-зерттеу станциясында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі 1965-1971 Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы гельминтология лабораториясында аға ғылыми қызметкер 1971-1979 Жамбыл педагогика институтында лаборатория меңгерушісі 1983-1993 доцент, профессор (1994 жылдан) болып жұмыс істеген; 1979-1983 Ресейдің Қаратопырақсыз аймақ ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (қазіргі Нижний Новгород қ.) қызметін атқарды. Ғылыми еңбектер 1990 ж. «Заболевание овец, вызываемое ассоциацией кишечных цестод и клостридий и принципы его профилактики» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы."Қазақ энциклопедиясы" "Қазақ энциклопедиасы"</span>