Майлыкөл – Қорғалжын алабындағы көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Атбасар ауданы Есенкелді (Ладыженка) ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 69 км жерде.
Гидрографикасы Ауданы жауын-шашынға байланысты 8 км2-ден 11,8 км2-ге дейін ұлғаяды. Ұзындығы 5,5 км, енді жері 4,3 км. Су жиналатын алабы 265 км2. Көл маңы төбешікті, жағасы тік жарлы, биіктігі 3-4 м. Майлыкөл жазда құрғап қалады, төңірегінде өскен құрғақ қамысты алқап шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Атбасар ауданы көлдері Санат:Қорғалжын су алабы