Гвереца () — жуанденелілер туысына жататын маймылдардың бірі.

Гверецаның тұрқының ұзындығы — 70 см, құйрығынікі — 60 см. Түгі қара барқыт тәрізді әдемі болады, сондықтан да жергілікті ел оны терісі үшін аулайды. Гвереца Тропикалық Африканың ормандарында болады. Олар 6-10-нан топтанып жүріп тіршілік етеді, ағаштың бүршігін, жапырағы мен жемісін, жидегін жейді. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев thumb|left|250px|Гвереца

Дереккөздер

Санат:Приматтар