Басқарушы символ (Управляющий символ;, control character, commond character) — 1) команданы белгідейтін бнттер комбинациясы, мысалы, мәліметтер блогының <басы> немесе <соңы>. Басқару символдары мәліметтердің тағайындалған нүктеге жеткізілуін басқару үшін көбінесе мәліметтерге енгізіледі және кадрларды синхрондау, жиектеу, хабарларды бөлу, қателерді бақылау және т.б. үшін де қолданылады; 2) ондық коды 32-ден кіші кодтық кесте символы. Ақпаратты жеткізу үшін компьютер құрылғыларын басқаруға пайдаланылады. Кодтары 0-31 алғашқы 32 символ басқарушылар болып саналады және негізінен баспа құрылғысына басқару командасын жеткізуге, сондай-ақ байланыс желісі бойынша ақпаратты жеткізу процесін басқаруға арналған. Бүл символдардың қызметі алуан түрлі және олармен бірге жұмыс істейтін программалық және аппараттық құралдарға байланысты өзгеруі мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника