Анонимдік FTP хаттамасы (Анонимный FTP протокол; anonymous File Transfer Protocol (FTP) — Internet желісінің тұтынушысынан пароль қажет етпейтін белгілі бір анықталған FTP серверлері арқылы ақпарат алу әдісі. Желіге кіріс атының орнына anonymous (аноним), ал пароліне guest (қонақ) деп жазады немесе электрондық пошта адресін енгізеді. Анонимді тұтынушыға желідегі файлдарды өзгертуге және оларға қосымша ақпарат енгізуге рұқсат етілмейді.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Компьютерлік техника