Гарри С. Трумэн (ағылш: Harry S. Truman; 8 мамыр 1884 жыл, Ламар, Миссури штаты – 26 желтоқсан 1972 жыл, Канзас Сити, Миссури штаты) — мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 33-президенті (1945 – 1953). Фермер отбасында дүниеге келген. Кеңсе, есеп қызметкері, фермер, дүкеннің еншілес қожайыны болды. 1914 – 18 жылы бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1926 – 34 жылы Миссури штатындағы округтік соттың төрағасы болды. 1934 – 44 жылы сенатор болды. 1945 жылы қаңтарда Демокр. партиядан АҚШ вице-президенті болып сайланды. 1945 жылы сәуірден бастап (президент Ф.Д. Рузвельт қайтыс болғаннан кейін) 1953 жылдың қаңтарына дейін АҚШ президенті болды. 1945 жылы тамызда жапон қалалары Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын тастау жөнінде бұйрық берді. Трумэн доктринасының, Маршалл жоспарының, НАТО-ны, т.б. әскери блоктарды құрудың бастамашысы болды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:АҚШ президенттері Санат:АҚШ вице-президенттері