Арқалық станциясы — «Қазақстан Темір жолы» АҚ-ның қарауындағы Арқалық қаласында орналасқан Қостанай темір жолының Есіл бағытында орналасқан станция.
Станцияда 10-ға жуық жол, үлкен вокзал ғимараты бар. Оның жанында өндірістік аймақ басталады. Боксит кенін карьерлерден шығаруға арналған ведомстволық теміржол желілерінің кең желісі бар. Локомотивтер арасында әртүрлі типтегі ТЭМ тепловоздары басым.
Теміржол желісі 1950-жылдары салынып, 1961 жылы арқалық станциясы және басқа да станцияларға пайдалануға берілді. Жолаушылар қозғалысы жергілікті бағыттағы екі жұп жолаушылар пойызымен ұсынылған: Қостанай — Арқалық және Астана — Арқалық. Бұған қоса, 2017 жылға дейін Алматы — Арқалық бағытына тіркеме вагондар қатынаған. Бұрын, Арқалық облыс орталығы болған кезде, Арқалық — Мәскеу (Қазан вокзалы) бағытында да тіркеме вагондар жүретін.
2014 жылы оңтүстікке қарай ұзындығы 214 шақырым болатын Арқалық — Шұбаркөл жаңа теміржол желісі ашылды (Осы уақытқа дейін станция тұйық болған). Шұбаркөл станциясынан Арқалық арқылы Ресей мен Балтық жағалауына ай сайын 5,5 мыңнан астам көмір вагоны (күніне үш құрам) жөнелтіледі. Бұл жылына шамамен төрт миллион тонна жүк тасымалдауға мүмкіндік береді (2016 жылғы дерек).
Жергілікті жүк тасымалының көлемі шағын (тәулігіне 3 жұп пойыздан аспайды). Арқалықтан негізгі жүк ол - боксит кені. Көптеген станцияларда элеваторлар бар, астық тиеледі. Жолаушылар және жүк тасымалында негізінен Есіл депосының 2ТЭ10 тепловоздары пайдаланылады. Ведомстволық теміржол желісінің ең ұзын бөлігі Арқалық станциясынан оңтүстікке қарай шамамен 20 шақырымға дейін созылады.
Санат:Арқалық Санат:Қазақстан темір жолдары