right|thumb|300px|Батпақ Батпақтар жіктемесі — батпақтарды олардың кейбір жалпы сипаттарына қарай топтарға бөлу. Су-минералдық қоректену сипатына, жер бедеріне, орналасу жағдайына байланысты және негізгі өсімдік құрамына қарай батпақтар негізгі үш экологиялық түрге бөлінеді: Ойпандық батпақтар Oйпандық батпақтар жер бедерінің ойыс бөліктерінде орналасады. Әдетте, батпақ беті тегіс немесе көтеріңкі (дөңестеу) болып келеді. Атмосфералық жауын-шашын мен қоршаған жыралар арқылы түсетін ағындымен қоса минералды тұздары мол жер асты суларымен қоректенеді. Ойпаңдық батпақтарда минералды қоректі көп қажет ететін өсімдіктер өседі. Синонимі: эвтрофты немесе шөптесін батпақтар; Беткейлік батпақтар Беткейлік батпақтар негізінен атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді, сондықтан оларда минералды тұздар аз болып келеді. Бұл батпақтарда топырақтағы қоректік заттарды көп қажет етпейтін олиготрофты өсімдіктер (сфагналық мүктер) өседі. Батпақтың орталық бөлігі шеттеріне қарағанда 7-8 м-ге көтеріңкі болып келеді. Синонимі: олиготрофты немесе мүкті батпақтар; Өтпелі батпақтар Өтпелі батпақтар өсімдік жамылғысына және оларды қоректендіретін сулардың минералдылығына қарағанда ойпаңдық және беткейлік батпақтардың екі ортасындағы аралық сипатқа ие. Синонимі: мезотрофты немесе орманды батпақтар. Бет бедерінің геоморфологиялық ахуалына байланысты батпақтар суайрық кеңістіктерінің батпақ массивтері және өзен аңғарлары мен көл қазаншұңқырларының батпақты массивтері болып екі топка бөлінеді. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

Дереккөздер

Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы

an:Turbera ang:Mōr ay:Juqhu az:Bataqlıq bat-smg:Liūns be:Балота be-x-old:Балота br:Taouarc'heg ca:Torberes cs:Rašeliniště cv:Шурлăх cy:Cors da:Mose de:Moor en:Swamp eo:Torfejo es:Pantano et:Raba eu:Zingira fi:Suo fr:Tourbière fy:Fean gn:Yno'õvu hr:Tresetište hu:Láp is:Mýri it:Torbiera ja:ボグ lt:Pelkė lv:Purvs nds-nl:Vene (grondsoorte) nl:Veen (grondsoort) nn:Myr no:Myr pl:Torfowisko pt:Paul (ecossistema) ro:Smârc ru:Болото sah:Бадараан sr:Тресава stq:Foan sv:Myr th:พรุ tr:Turbalık uk:Болото