Апат - ( - өзгеріс, төңкеріс) кенеттен туындаған ауыртпалық, арты қайғыға соқтыратын жағдайлар: қирау, бүліну, жойылу, біреудің немесе бір нәрсенің қаза болуы; аса ірі әскери жеңіліс;Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х жеке және қоғамдық өмірде күрт өзгеріске әкелетін күйзеліс; жүйенің қирауына немесе оның жұмыс тәртібінің елеулі бұзылуына әкелетін күрт құрылымдық-функционалдық өзгерістер.

Табиғи-техногендік апаттардың жиілігі мен оны талдау негізінде келесідей түрлерін анықтауға болады: әлемді қамтитын, жаһандық, ұлттық, аймақтық, шағын (жергілікті), нысаналы апаттар.

Табиғи-техногендік апаттардың жіктелуі талдау әдістері мен жүйелерін, сондай-ақ алдын алу және болжау бағыттарын анықтауға жол береді.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

Апат(теңіз құқығында) Теңіз құқығында қолданылатын «апат» заң терминінің әдеттегі мәнінен айырмашылығы жүкке немесе жалдау кіресіне (фрахт) — әдейі немесе байқаусызда келтірілген залалды білдіреді. Апат сертификаты Сақтандырылған мүлікке келтірілген залалдың себептері мен мөлшерін, сипатын қуаттайтын құжат. Апат сертификатын негізге ала отырып, сақтандырушы төлем төлеу немесе сақтанушының кінә қоюын қабылдамау туралы шешім қабылдайды.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

Дереккөздер

Санат:Құқық Санат:Заң