Кальцифир — жоғары температура жағдайында кремнийлі-магнийлі әктастардың әкелу-әкетусіз қайта кристалдануынан қалыптасатын әркелкі түйірлі тау жынысы. Кальцифир кальциттен, доломиттен және олардан аздау гранаттан, пироксеннен, форстериттен, шпинельден және басқа минералдардан тұрады. Минералдың құрамы бойынша кальцифир — мәрмәрлар мен скарндардың аралығындағы тау жынысы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер

Санат:Геология