Көкнәр қосылған орама. Сода қосылған үн үстелге еленіп, үстіне сары май салынады да, ұсақ бөліктерге бөлінеді. Содан соң үйіліп, ортасы шұңғылданады да, алдын ала араластырылған жұмыртқа, қаймақ, қант, тұз құйылып, тездетіп иленеді. Қамыр 15—20 минут салқын жерге шығарылып, 1 см қалындықта жайылады. Күлшеге қант және жаңғақ араластырылған түйілген көкнәр себіліп, оралады. Орама майланған металл табаға салынады да, бетіне жұмыртқа жағылып, қант пен жаңғақ араласқан көкнәр себіледі. 230— 240° С температурада 30—35 минутта дайын болады. 3,5 кесе ұнға — 150 г сары май, 1 кесе қант, 3 жұмыртқа, жарты кесе қаймақ, 0,5 шай қасық сода, 0,5 шай қасық тұз.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том

Тағы қараңыз Көкнәр Көкнәр ұрықтары Көкнәр күлшесі Дереккөздер</span>

Санат:Тағамдар