Платон Михайлович Мелиоранский (1868-1906) - орыс шығыстанушысы, түрколог.

Өмірбаяны 1868 жылы Санкт-Петербургте дүниеге келген. 1891 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінің араб-парсы-түрік-татар бөлімін бітірген. Радловтың жетекшілігімен түркі тілдерін қосымша зерттеген. 1894 жылдан бастап сол факультетте лекция оқыған. Санкт-Петербург университетінің профессоры. Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілінің қысқаша грамматикасы», «Шайбанинама» деген еңбектері белгілі. Ол Орыс Географиялық қоғамына Санкт-Петербург университетінің профессор И. Н. Березин арқылы келіп түскен Абай өлеңдерімен жақсы таныс болған. Қолжазбаны «Географиялық қоғам жазбалары» журналының 1900 жылғы 9 санында жариялау мақсатымен Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский редакциялап, баспаға әзірлеу үшін Мелиоранскийге берген. Мелиоранский бұл қолжазбалардың Абай шығармалары екенін білмесе де, оны жоғары бағалаған. Бірақ, қолжазба белгісіз себептермен журналда жарияланбай қалған.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Еңбектері Краткая грамматика казак-киргизского языка. Ч. 1—2, СПБ, 1894—97; Араб-филолог о турецком языке. СПб., 1900; Турецкие элементы в языке «Слова о полку Игореве» // ИОРЯС. 1902. Т. 7, кн. 2. С. 273—302; Вторая статья о турецких элементах в языке «Слова о полку Игореве» // Там же. 1905. Т. 10, кн. 2. С. 66—92.

Дереккөздер

Санат:1868 жылы туғандар Санат:1906 жылы қайтыс болғандар Санат:Профессорлар Санат:Шығыстанушылар Санат:Ресей ғалымдары