Үзбей шайылатын тұндырғы — ірі, тез шөгетін фракциялық тасындыларды тұндыруға арналған гидротехникалық кұрылыс. Мұндай тұндырғылар түбіне арнаулы құрылғылар қойылуын талап етеді, өйткені үздіксіз жұмыс істейтін шайғыш галереяға шөгінді-тасындылар жиі кептеліп қалатындықтан, оны жуып-шаятын су өтімі қажет. Соған байланысты тұндырғының басына шарбақты, торлы желілер және бөренеден кішігірім тегеурінді бөлгіш орнатады. Алап табанында қаз-қатар етіп орналастырылған шайғыш галерея құрылысы лас суды алып кетуші коллектормен жалғанады. Әрбір секция (шайғыш галереядағы) алаптың табаны ауданының 1/4 бөлігін қамтамасыз етеді. Шайып-жуушы коллектор жапқыш блокпен аяқталып, лас, лайлы су канал арқылы төменгі бъефке түседі. Қыс кезінде ластанған су өтімін әкету үшін оны айналма канал көмегімен өзен арнасына құяды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

Дереккөздер

Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы