Сидней () — Аустралияның ең үлкен қаласы, аумағы 12144,6 км² https://web.archive.org/web/20110318192321/http://www.cityofsydney.nsw.gov.au/Environment/documents/web01-GeneralIntroduction.pdf, халқы 2012 жылы шамамен 4,8 миллион адамды құрады. Сидней Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының әкімшілік орталығы болып табылады.

Сидней Аустралия құрлығындағы алғашқы еуропалықтар келгелі бері пайда болған алғашқы қала. Қала 1788 жылы құрылған. Англияның сол кездегі Ұлыбританияның колония министрі лорд Сиднейдің құрметіне осы қала Сидней болып атанып кеткен.

Географиясы thumb|left|200px|Сидней - ғарыштан көрініс. Қала Тынық мұхитының жағалауындағы алапты орналасқан. Шығыс жағынан қала Тынық мұхитының толқындарымен шайқалады, батыс жағында Көкшіл таулар орналасқан, солтүстік жағында—Хоксбери өзені, ал оңтүстік жағында - Корольдік ұлттық паркі орналасқан. Тынық мұхиты жағынан жағалауы көптеген көптеген мүйістер мен шығанақтармен кесілген. Порт Джексон шығанағы - әлемдегі ең ірі табиғи мүйіс болып есептеледі.

Қаланың тұрғын аймақтарында 70-тей шағын шығанақтар пен айлақтар бар. Олардың арасындағы ең әйгілісі - оңтүстік жағындағы Бондай-Бич және солтүстіктегі Мэнли айлағы.

Сидней қаласы опера театры, Харбор-Бридж көпірі және көптеген жағалауларымен танымал. Қала Лоуборо университеті санаты бойынша әлемдік бета-класына жатады

Экономикасы Сиднейдің маңызды экономикалық салалары болып, егер сол саладағы жұмыскерлер саны бойынша есептесе, қызмет көрсету саласы, сауда, өндіріс, денсаулық сақтау және коммуналдық қызмет болып табылады. 1980-жылдардан бастап жұмысшылар нарығы өндіріс саласынан қызмет көрсету саласына және ақпараттық технологиялар саласына ауыса бастайды. Сидней экономикасы Аустралия экономикасының шамамен 25 пайызын құрайды. Қалада Аустралия құнды қағаздар биржасы (ASX) мен Аустралия резерв банкі, сонымен қатар 90 банктің және елдің жартысынан астам ірі компанияларының бас пәтерлері осында орналасқан. Сидней халықаралық компаниялардың (олардың саны шамамен 500) офистері орналасқан Аустралия бойынша орталығы болып табылады . Аустралияынң он ірі компанияларының төртеуінің бас пәтері Сиднейде (Caltex Australia, Commonwealth Bank, Westpac және Woolworth) орналасқан. Fox Studios Australia компаниясының қалада ірі киностудиясы бар. Сидней фьючерстер биржасы (SFE) осы тектестердің аустралия-тынықмұхит аймағындағы ең ірісі болып табылады. Ол әлем бойынша 12-ірі фьючерстік биржа және опциондар айналымы бойынша 19-орында .

Халқы Шет елдерде туған тұрғындар2006 Census Community Profile Series Ел Халық (2006)Ұлыбритания 175 166Қытай 109 142Жаңа Зеландия 81 064Вьетнам 62 144Ливан 54 502Үндістан 52 975Филиппины 52 087Италия 44 563Гонконг 36 866Оңтүстік Корея 32 124Ресей5364Expanded Community Profile — Sydney _ Sheet X01fУкраина 4330

2006 жылғы санақтардың мәліметі бойыншы Сиднейде және оның маңында жалпы 4 119 190 адам тұрады, оның ішіндегі 3 641 422-сі қаланың өзінде2006 Census QuickStats . Санақтың әліметі бойынша тұрғындардың 1,1%-ы жергілікті аборигендер, 37,7%-ы Аустралияда туылмаған, басқа елдерден миграция жасағандар. Қаланың 18,1%-ы Азия құрлығынан келген мигранттар. Мигранттардың көбісі үш елден келген, олар Ұлыбритания, Қытай және Жаңа Зеландия. Бұл елдерден кейін Вьетнам, Ливан, Үндістан, Италия және Филиппиннан қоныс аударған адамдар. По-русски говорили 13220 человек, 156 из них не ответили на вопрос о своём уровне владения английскимExpanded Community Profile — Sydney _ Sheet X05e. Сидней қаласының тұрғындарының орта жасы — 36, оның ішінде 15,4% — 65-тен үлкен, 15,2%-нда бакалавр дипломы бар.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Аустралия қалалары Санат:1788 жылы құрылған елді мекендер