Абай және Әуезов, Абай тәлімі, Мұхтар Әуезовтің Абайды танып-білуге қосқан үлесі. Мұның өзі екі үлкен сала. Бірі Мұхтар Әуезовтің абайтануға, яғни Абайдың өмірі мен шығармашылығын, оларға қатысты мәселелерді баяндайтын ғылыми еңбектерін, зерттеулері мен мақалаларын талдап бағалау. Екіншісі Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі, оның заманын, өмір жолын, ақындық, ағартушылық, қоғамдық қызметін сипаттап көрсетуі, яғни Мұхтар Әуезовтың Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы, киносценарийі, әсіресе төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы төңірегінде айтылған, қорытылған ой-пікірлер. Тағы бір өте маңызды қыры бар. Ол Абай шығармашылығының, әдеби мұрасының Әуезовке әсері ықпалы туралы, әсіресе «Абай жолы» роман-эпопеясында Мұхтар Әуезовтың Абай шығармаларын деректік тірек етуіне қатысты айтылатын жайлар. Мәселеге бұдан да кеңірек келсеқ Абай мен Әуезовті қазақ әдебиетіндегі екі дәуірдің, екі ғасырдың (яғни 19 ғасыр мен 20 ғасырдың) аса ірі өкілдері ретінде алып, ұлттық сөз өнеріміздегі дәстүр жапғастығы тұрғысынан қарап, олардың үндестігі мен өзгешелігі қандай екенін байыптаудың өзі осы екі сөз шеберінің өнерпаздық тұлғасын айкынырақ түсінуімізге себін тигізеді. Абай мен Мұхтар Әуезовтің екі заманның перзенті екені рас. Алайда Мұхтар Әуезов өмір сүрген, әдебиетке араласып, шығармашылық ғүмыр кешкен дәуірі Абай заманынан тым қашық емес, сипаты, мазмұны мүлде өзгеше заман болса да, мерзімдік жағынан жалғас, өзектес. Әуезов жасы ұлғайған Абайды бес жастағы көзінде бір ғана көріп, ол кезде оның кім екендігін, ұлы екендігін біліп, түсіне алмаса да, ол кейінірек сол ортада, Абайды көрген, білген, өлеңдерін естіген, сөздеріне әбден қанық адамдардың ортасында есіп, ержетті. Мұхтар Әуезовтің Абайдың елендерін, калдырған енегесін осындай ортада жүріп қабылдап, жасынан көңіліне құйып ескені, олардың арасында рухани жалғастык тууына жағдай жасағанын толық ескеру қажет. Жалпы тарихи-әдеби зандылық шеңберінде осылай бола тура, Мұхтар Әуезовтің Абаймен рухани жақындығының сыры мен сипаты бөлек. Өзгені былай қойғанда, «Абай жолы» роман-эпопеясында Абай замены, дәуірі, халықтың тағдыры аса мол, терең бейнеленетінін ескерсеқ осы мәселелерге Абайдың кезқарасы мен Мұхтар Әуезовтің кезқарасы, уғым-тусініктері арасындағы үндестіктер бар екені анық анғарылады. Абай мен Мұхтар Әуезов үндес, жақын болумен қатар, бірін-бірі қайталамайтын, біртуар өзгеше дарын екенін де есте тұту шарт. Абай ойшыл, философ, сазгер, ағартушы екені рас, бірақ ең алдымен ақын. Ақын болғанда, ұлы ақын, классик ақын. Мұхтар Әуезов акын емес, бірақ шебер прозаик-суреткер, драматург ретінде ақынға жақын. Мұхтар Әуезовтің прозалық шығармаларында да, драмалық туындыларында да лирикалық сарындар, лирикалық сезімталдық айқын керініс беретін тустар аз емес. Бірақ ол алдымен кең құлашты романист-жазушы, эпостық жанрдың асқан шебері және оқиғаны шиеленіскен таластартыс, қақтығыстармен керсете білетін драматург. Бұлар оның өнерпаздық шеберлігіне тән сипаттар, Мұхтар Әуезовтің шығармаларында Абайдың ақындық өнерімен астаса алатын бұл айтылған жайлар бірінбірі ешбір жоққа шығара алмайды. Өнер салалары, қырлары әр алуан, арасында пышақ кесті жік жоқ, ауыс-түйіс болуы толық мүмкін, тіпті қажет те. Тек Абай поэзиясындағы кейбір сарындардың Мұхтар Әуезов прозасынан, айтапық, «Абай жолы» роман-эпопеясынан көрініс табуы үлкен ізденісті, жаңаша көркемдік шешім табуды қажет еткен. Абайдың әдебиеттегі орнын тұңғыш рет бағалап, ақынның әдеби мұрасы туралы қүнды деректер берген Кәкітай Құнанбайұлы мен Ә. Бөкейханов мақалаларына қоса, А. Байтурсыновтың және М. Дулатовтың құнды пікірлері ұлы ақын шығармашылығын дұрыс танып-бағалауға жол ашқанын, мұның абайтану ғылымына тірек боларлық апғашқы қадамдар екенін айтуымыз керек. Абайтануды дербес ғылым дәрежесіне көтерген Мұхтар Әуезов болды. Оның Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылым саласының мызғымас негізі болып табылады. Абай шығармаларының 1933 жылғы жинағын баспаға дайындау барысында Мұхтар Әуезов ақынның жас көзінде шығарған, ел арасында ауызша айтылып жүрген бір топ елендерін жазып алып, сол жинаққа енгізді, «Әзім» поэмасы да алғаш осы жинақта жарық көрді. Мұхтар Әуезов осы кезден бастап 1957 жылға дейін ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мұрсейіттің бірнеше қолжазбасы және басқа кейбір белгілі жазбалар негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе 1957 ж. «Ғылым» баспасынан жарық көрген, Әуезовтін басшылығымен және тікелей қатынасуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет. Өйткені осы 1957 жылғы жинаққа Мұхтар Әуезов жай әншөйін сыртта жүріп редактор бола салған жоқ, текстологиялық жүмыстың барысында қолжазбалар мен бұрынғы басылымдар салыстырылып тексерілгенде, алты ай бойы үзбей басы-қасында болды. Мұхтар Әуезов Академияға, өзі қызмет істейтін сол кездегі Тіл және әдебиет институтына бейсенбі сайын таңертеңгі 9-да келіп, түске дейін болып жүрді. Абайдың 1957 ж. басылған екі томдық толық жинағының ерекше құндылығы Мұхтар Әуезовтің текстологиялық жүмыстарға тікелей қатынасуының, ерінбей-жалықпай басшылық етуінің нәтижесі.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Абай және Әуезов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.