Иммунды жүйе мүшелері — ағзаның бөгде заттарға (бактериялар, вирустар, түрлі протеиндер) қарсы тұру қабілеттілігін арттыратын дене мүшелері.

Иммундық жүйе мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі, айырша без (тимус), көкбауыр, лимфа бездері, әртүрлі ішкі мүшелердегі лимфоидты ұлпа жиынтықтары жатады. Иммундық қорғанысқа иммундық жүйе мүшелерінде түзілетін иммуноциттер (Т-және В-лимфоциттер, плазмоциттер) қатысады. Т-лимфоциттер жануарлар организміндегі жасушалық иммунитетті, В-лимфоциттер және олардың туындыларды плазмоциттер денеге енген бөгде заттарға антиденелер түзу арқылы гуморальдық иммунитетті қалыптастырады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9

Дереккөздер

Санат:Иммунды жүйе