Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭБО) (ағылш: International Telecommunication Union (ӀТО)) — деректер таратудың әмбебап стандарттарын бекітетін халықаралық ұйым, телекоммуникация және радио саласындағы ұсынымдарды айқындайтын, сондай-ақ радиожиіліктерді халықаралық пайдалану мәселелерін реттейтін халықаралық ұйым (радиожиіліктерді тағайындаулар бойынша және мемлекеттер бойынша бөлу).

1865 жылы Халықаралық Телеграф одағы ретінде құрылған, 1947 жылдан бастап БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып табылады. ХЭБО-на 193 ел және секторлар мен қауымдастықтар (ғылыми-өнеркәсіптік кәсіпорындар, мемлекеттік және жеке байланыс операторлары, радиохабар компаниялары, өңірлік және халықаралық ұйымдар) бойынша 700-ден астам мүше кіреді.http://www.itu.int/online/mm/scripts/mm.list?_languageid=1&_from=&_search=ITUstates&regionvarnam=ctry_councilregion&_territories=&_map=n&_sort=1&_f1=CHECKED&_f7=CHECKED&_f8=CHECKED&_f9=CHECKED&_f16=CHECKED&_f20=CHECKED

Бұрын International Telegraph and Telephone Consultative Committee (телефондау және телеграфтау бойынша халықаралық кеңесші комитет) деп аталған. Әлемнің түрлі елдеріндегі телекоммуникациялық компаниялар мен ұйымдар ХЭБО мүшесі болып табылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелері Санат:Стандарттау ұйымдары