Адамович Александр Михайлович (1927-1997), белорус жазушысы, әдебиет зерттеуші. Республика ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1980). Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына қатысып, Семей қаласындағы салтанатты жиында сөз сөйледі. Дәл осында, Абай мен Мұхтар туған жерде ұлы ойшылдар мен дарындардың бастау апып, қанаттанғанын иманыңдай сезіне түсесің дей келіп, Еділ мен Сырдарияның толқындарындай тоғысқан қазақ және белорус әдебиеттеріндегі адам тағдырлары да ұқсап жататынына назар аударды.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Александр Михайлович Адамович · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.