Қоспалы шалаөткізгіш (Примесный полупроводник) — заряд тасымалдаушылар санына тең не одан әлдеқайда артық донорлық немесе акцепторлық, стехеометриялық атомдары бар шалаөткізгіш. Қоспалы шалаөткізгіштегі кинетикалық құбылыстар негізінен шалаөткізгіштерде қоспалар санымен және рұқсат етілмеген аймақтағы қоспалар деңгейлерінің орнымен, оның ішінде өткізгіштіктің шамасы және түрімен, сондай-ақ шалаөткізгіш материалдардың оптикалық қасиеттерімен анықталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника