Антеннаның сәуле шығару қуаты және сәуле шығару кедергісі (Мощность излучения и сопротивления излучения антенны) — сәуле шығару қуаты (Р) — уақыт бірлігі ішінде антенна тарататын электромагниттік энергия шамасына тең. Сәуле шығару кедергісі — сәуле шығару қуаты мен антеннадағы әрекет етуші ток (l) квадраты арасындағы пропорционалдық коэффициент. Антеннаға берілетін қуат (РA) сәуле шығару қуаты мен шығын қуатының қосындысына теңҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
PA= Pp + Pш
Дереккөздер
Санат:Электроника