«Рахат» акционерлік қоғамы – 60 жылдан артық тарихы бар, Қазақстандағы кондитер өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орындарының бірі.http://www.rakhat.kz/index.php?p=list&lang=3&year=2011&n=2. thumb|Фабрика логотипi

Тарихы 1942 жылы Алматы зауыты және Мәскеу кондитерлік фабрикаларының атындағы " Бабаева" және "Рот Фронт" цехтары негізінде құрылды. Шоколад бұйымдар, карамель, печенье, вафли, шығыс тәттілері, зефир, мармелад және басқа да өнімдер шығарады. 1965 жылы фабрикада қайта жаңарту және кеңейту жұмыстары басталды. 1967 жылы бисквит цехы пайдалануға берілді, ал 1980 жылы — какао өндеу және шоколад бұйымдары (жобалық қуаты 12,7 мың тонна). 1982 жылы еңбекті механикаландыру деңгейі төмендеп, 64,8 % - ға, оның ішінде цехтарда негізгі өндірістің 71,5 % - ға, ал учаскелерінде қосалқы қызмет 47,9 % төмендеді.

КСРО ыдырағанға дейін фабрика "Кондитерпром Министрлігінің" Қазақ КСР тамақ өнеркәсібі бірлестігіне кірген. 1992-ші жылы жекешелендірілді және акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта фабриканың 250-ден астам ассортимент атаулары әртүрлі кондитерлік өнімдерге жататын 10 түрлі топтары бар. Өнім "Рахат" кондитерлік фабрикасынан Ресей, Германия, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстан елдеріне экспортталады. 2013 жылдың қаңтар айында оңтүстік корея тобы АҚ "Рахат" бойынша акцияларды сатып алу келіссөзін жүргізді. Сол мезгілде Рахат акциялары өсе бастады: алдымен 2,5 мың теңге, содан кейін 6,5 мың теңгеге дейін көтерілді.

22 қыркүйек 2013 жылы үш тоқсанның акциялар пакетін фабриканың 10 % алатын қазақстандық нарық $156,6 млн, немесе $43,5 акцияға байланысты сыйлығымен нарығы 30 % - ға бағаланды.

29 шілде 2013 жылы Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery кондитерлік компаниясы қазақстандық өндірушінің шамамен 76 % айналыстағы акцияларын сатып алу туралы шарт жасасты. Мәміле нәтижесінде акцияларды сату бойынша ірі акционерлер құрамынан британдық BD Associates Limited (29 %), Анатолий Попелюшко (25,79 %), Наталья Хильчук (11,54 %) шықты.

10 желтоқсан 2013 жылы LOTTE Confectionery тағы 23,75 % акцияларын 30 күн ішінде сатып алатындығын жариялады .

«Рахат» АҚ-нда 3.500-ге тарта адам жұмыс жасайды. Өндіріс қуаты екі жерде, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.

Өндірістің жан-жақты сипаты, ауқымдылығы және какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша жеке өз желілерінің болуы компанияның отандық өндірушілер арасында кондитер өнімдерінің кең көлемдегі сұрыпталымына ие болуына мүмкіндік береді. Қазіргі күні «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 250-ден астам атауға ие, 10 түрлі топқа жататын әр алуан кондитер өнімдеріне толы.

«Рахат» АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атаулары кіреді.

Кондитер өнімдерін шығаратын өндірушілер арасында «Рахат» АҚ өнімінің айрықша ерекшелігі - әр алуандығымен ажыратылатын шоколад өнімдерін шығарудың басымдығы.

Кәсіпорында сапаны бақылаудың кешенді жүйесі және бірыңғай жауапкершілікке негізделген ішкі сапа жүйесі ұйымдастырылған және іске асуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылауға негізделген.

Компания жайлы Компания тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін өнімді және қанағаттанарлық тұрғыда еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды. Бірінші және екінші ауысым қызметкерлері үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді, жоғары санатты дәрігерлер қызмет істейтін санитарлық бөлім бар, сауна мен жаттығу залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі сала мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жүйелі сабақтар жүргізілетін оқу класы бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған.

1978-1979 жылдары цехтардың жұмыскерлеріне арналған асхана, дәрігерлік санитарлық бөлім, кеңейтілген тұрмыстық орынжайлары бар әкімшілік-тұрмыстық корпустың құрылысы жүрді. 1992 жылы мемлекеттік кәсіпорын «Рахат» акционерлік қоғамы болып қайта құрылып, «Рахат» сауда белгісі болып тіркелді. 2001 жылы Шымкент қаласында еншілес кәсіпорын ашылып, алғашқы өнімдері өндіріле бастады. 2007-2009 жылдары Кельн қаласындағы (Германия) ISM кондитер және бисквит өнімдерінің Халықаралық арнайы көрмесіне қатысты.

«Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.

Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған.

Басшылығы Директорлар Кеңесінің мүшелері: Даулетова Шолпан Алтыбаевна ─ Директорлар Кеңесінің төрайымы Попелюшко Анатолий Висханович ─ Директорлар Кеңесінің мүшесі Мейрамбаев Жексембай Аргынгазинович ─ Тәуелсіз директор Басқарма мүшелері: Попелюшко Анатолий Висханович Зенков Александр Сергеевич Хильчук Наталья Мироновна Рустемова Римма Асхатовна Гордиенко Ольга Ильинична Кристаль Лариса Герасимовна

Марапаттар

2001 жылы

«Рахат» ААҚ «Жылдың үздік салық төлеушісі» құрметті атағын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс Министірлігінің марапаттау Белгісіне, «Жыл таңдауы» республикалық байқауы барысында «Казахстанский» шоколады «Жылдың № 1 шококлады» Құрметті атағына ие болады.

2002 жылы

Компания өнімі «Қазақстан мақтанышы» Құрметті атағын және «Тәттілер ─ 2002» көрмесінің марапаттау белгісін алады. Компания өнімі «Қырғыстан ─ 2002» Халықаралық көрме-жәрмеңкесінде алтын медаль жеңіп алады.

2003 жылы

«Қазақстанның іскер адамы - 2003» Үкіметтік байқау барысында тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы жоғары сапалы өнімі үшін жүлде беріледі.

2004 жылы

Компания өнімі «Тәттілер - 2004» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен дипломға ие болады.

2005 жылы

Компания өнімі «Тәттілер - 2005» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен диплом иеленеді.

2006 жылы

«Алтын сапа» республикалық байқауында компания екінші орынға ие болады.

2007 жылы

Компания өнімі «Тәттілер - 2007» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен диплом иеленіп, «Мінсіз» сапалық халық белгісін алады.

2008 жылы

Компания өнімі «Тәттілер - 2008» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен диплом иеленіп, «Мінсіз» сапалық халық белгісін алды.

2010 жылы

Компания өнімдері «Мінсіз» сапа куәлігі мен халық белгісін алды. Компания «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында бірінші орынға ие болады. Мәскеу қаласында өткен «Продэкспо 2010» көрмесіндегі «Үздік өнім-2010» конкурсында компания өнімдері диплом мен алтын медаль алады.

2011 жылы

Компания өнімдері «Мінсіз» сапа куәлігі мен халық белгісін алды.Алматы қаласындағы «Тәттілер-2011» ХIII Қазақстан Халықаралық көрмесі. «Халық таңдауы» тұтынушылар дәм сараптамасы бойынша бас жүлде. Диплом - «Халық таңдауы» Тұтынушылар дәм сараптамасына қатысушыға.

Экспортталуы

Фабрика өнімдерi отандық нарықтағыдай жақын және алыс шет елдер нарығында да белгілі. «Рахат» АҚ өз өнімін ішкі нарықта жоғары деңгейде жеткілікті ету саясатын жүзеге асырады. «Рахат» АҚ сату ауқымы бүкіл Қазақстанды қамтиды, компанияның 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесі бар. Алматы қаласы бойынша өнім ірі көтермемен сатып алушылар арқылы, сонымен бірге фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы таратылады.

Республиканың басқа аймақтарына «Рахат» АҚ өнімін жеткізу фирмалық сапалы өнім сатуды жүзеге асыратын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорындар) құрумен қамтамасыз етіледі. Осылайша «Рахат» АҚ-ның сату ауқымы бүкіл Қазақстанды және компанияның еншілес сауда ұйымы бар көрші Қырғызстанды қамтиды. Өнімді сыртқа шығару жоғары бәсекелестік жоқ және саяси-экономикалық жағдайлар ішкі саудаға кедергі келтірмейтін орталық-азия өңірлеріндегі елдермен (Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүргізіледі. ТМД-ның басқа республикалары және алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өніміне деген қызығушылыққа байланысты келешекте компания өндіріс көлемін арттыруды және экспорт көлемін ұлғайту жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Әр түрлі гастрономиялық дәстүрлері бар елдердің халқы «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдерінің тұтыну сипаттамасының тартымдылығын мойындауда. Бүгінгі күні Акционерлік Қоғам өзінің өнімдерін ТМД елдеріне, жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарады.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан қор биржасында листинг акциясы бар компаниялар Санат:Алматы кәсіпорындары Санат:Алматы компаниялары Санат:Қазақстандағы кондитер кәсіпорындары