Жарық қашықтық өлшеуіш - арақашықтықты өлшейтін аспап; жарықтың жарық қашықтық өлшеуіштен шағылдырғышқа дейін және кері өту уақытын өлшеуге негізделген. Жарық қашықтық өлшеуіштер былайша бөлінеді: арақашықтық жарық импульсінің өту уақыты бойынша тікелей анықталатын импульстік Жарық қашықтық өлшеуіштер; арақашықтық үздіксіз сәулеленудің модуляция фазасының айырымы бойынша анықталатын фазалық жарық қашықтық өлшеуіштер; жарықтың импульстік сәулеленуі арақашықтықты анықтаудың фазалық әдісімен бірігетін импульстік-фазалық жарық қашықтық өлшеуіштер.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия