Ажарлау (Шлифование)Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. — дайындама беттерін қажақты аспаптармен тазалай өндеу операциясыҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6; дайындаманы қайрақ іспетті кұралмен тазалап өңдейтін ең соңғы операция.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
АЖАРЛАУ - қолөнершіліктегі жасалған бұйымды сәндеу, әрлеу, әдемі етіп құлпырту.
Ажарлаудың тәсілдері
Затты көз тартатындай етіп құлпыртудың тәсілдері көп болған. Кең таралған тәсіл ағаш, темір сияқты материалдан жасалған бұйым дайын болғанда, оның бетін зімпарамен, егеумен тазалап, ағаш көмірімен, былғарының астар жағымен, киізбен, шұғамен ысқылап жылтырату, өңін ашу т.б. болған Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Онер, 1987. Ағаш пен металл бұйымдарға жұқалап май жағып, жұмсақ матамен ысып, сүртіп алғанда, ол жылтырап әдемі көрінетін болған. Ажарлаудың ендігі бір тәсілі - бұйымның бетін сырлау немесе бояу. Шеберлер сырлау, бояу арқылы бұйымның, мәселен, түсті металдардан жасалған заттардың табиғи түсін әртүрлі (қоңыр, қара, сарғыш қызыл, қара сүр) түске айналдырған. Заттың бетіне белгілі бір түс, рең беру үшін алтынмен аптау яғни алтынмен булау (алтын жалату), күміспен күптеу (қақталған жұқа күміспен жабу), лажылау тыныкелеу (көгілдір шыны түстес ерітіндімен бояу) тәрізді тәсілдерді және өсімдік бояуларын да пайдаланғанШойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. Алматы: Қазақстан, 1993. Ажарлаудың бір түріне заттың бетіне ою-өрнек жүргізіп әшекейлеу жатады. Ою, өрнек салу - қолөнердің қай саласында болмасын, өте жиі қолданылатын көркемдеу тәсілдерінің бірі. Арнаулы аспаптармен бұйымның бетіне ою-өрнек түсіріп aжарлаудың халық арасында оюлау, лақыштау, шимайлау, бедерлеу, безеулеу бағдар жүргізу ою бастыру, шыжбайлау тәрізді атаулары мен түрлері болдыШоқпарұлы Д.. Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007.
Дереккөздер
Санат:Техника Санат:Машина жасау Санат:Механика
de:Schleifmaschine en:Grinding machine fr:Rectifieuse he:דיסק חיתוך it:Smerigliatrice ja:グラインダー pl:Szlifierka