Сәйкес келу схемасы — өзіне келіп түскен сигналдар жиынтығынан тек қана бір-біріне толық сәйкес келетін немесе жартылай сәйкес келетіндерді бөліп алуға арналған электрондық құрылғы. Бірнеше кірісі және бір-ақ шығысы бар дискреттік әрекеттегі құрылғы. Оның кірістеріне бір уақытта сигналдар келіп түскенде шығыстағы сигналдың пайда болатыны. Сәйкес келу схемасы кәдімгі транзисторлар мен ШӨ диодтардан, көп эмиттерлі транзисторлар мен диодтық жиынтықтардан құралады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника