Проекциялайтын сәулелер байламы — нысан нүктелерін осы нүктелердің бейнесімен қосатын түзулер жиынтығы. Орталық проекциялау кезінде проекциялайтын сәулелер байламының барлық сәулелері бір нүкте — проекциялар ортасы арқылы өтеді. Проекциялайтын сәулелер байламының және фотосуреттің орны бағдарлаудың ішкі элементтерімен, ал проекциялайтын сәулелер байламының геодезиялық жүйе координаталарымен салыстырғандағы орны сыртқы бағдарлау элементтерімен анықталады. Нысанның бір нүктесінен проекциялардың әр түрлі ортасы арқылы өтетін проекциялаушы сәулелер, көршілес фотосуреттерде сәйкес нүктелерді кұрады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия