thumb|Радиозонд Радиозонд – атмосфераның биік қабаттарын зерттеу үшін қолданылатын аэрологиялық аспап. Арнаулы метеорологиялық аспаптар жеңіл газ толтырылған әуе шарымен едәуір биіктікке (35—40 км) жіберіледі. Олар жоғары көтерілгенде әр түрлі биіктіктегі температураны, ылғалдылықты және қысымды өлшейді. Алынған деректерді радиоқабылдағыш қажетті жерге жеткізіп отырады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия