Қалниязқолқа – Қарынжарық ойысының оңтүстік-шығысында жатқан қоныс және сай. Қарақия ауданында орналасқан. Қоныс солтүстіктен оңтүстікке қарай 40 км-ге созылып жатыр, ені 2 – 5 км-дей. Табаны теңіз деңгейінен 170 м биікте, беткей үсті 182 м биіктікте жатыр. Қоныс табанында көктемгі жауын-шашын, қардан аңғар бар. Өсімдігі мардымсыз. Атауы «Қалнияздың ойы» мағынасын береді.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:География