Нәсіпқали Әбугалиұлы Марабаев (1937 жылы 20 желтоқсанда Атырау - 2007 жылы 26 қарашада Мәскеу) — даңқты мұнайшы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Мұнай Өнеркәсібінің Үздігі. Қазақстанның Еңбек сіңірген мұнайшысы.
Толығырақ Нәсіпқали Әбуғалиұлы 1937 жылы 20 желтоқсанда Атырауда дүниеге келген. 1957 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ иниститутын бітірген. (Тау-кен инженері) 1987 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1959 - 1980 жылдары бұрғышы, аға инженер, Өзен бұрғылау-пайдалану кеңсесінің директоры, бұрғылау жұмыстары басқармасының бастығы, «Маңғышлақмұнай» бас директорының орынбасары, 1980 - 1988 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің ұйымдық-кадрлар жұмысы жөніндегі бөлімнің инспекторы, 1990 - 1995жылдары Маңғыстау облысы аткомның төрағасы, «Маңғыстау мұнайдың» бас директор қызметтерін атқарды. 1995 - 2007жылдары ҚР Мұнайгаз өнеркәсібі министрінің, кейін «Қазақойл» мұнай компаниясы президентінің кеңесшісі. Маңғыстау облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыс әкімінің кеңесшісі болған.
Марапаттары 1975 жылы КСРОның "Еңбек Қызыл Ту" Ордені 1980 жылы екінші мәрте "Еңбек Қызыл Ту" Ордені Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы 1999 жылы тәуелсіз Қазақстанның құрмет ордені мен марапатталған. Бірнеше медалдармен марапатталған. "Жаңаөзен мұнайына 40 жыл" медалі АҚШтың Техас штатының құрметті азаматы Ақтау қаласының құрметті азматы Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы.
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері