Әділ Өтеғұлұлы (1869, Жем бойы – 1931, Жем бойы, «Қаратоғай» қорымында жерленген) — әнші, «Адайдың жеті қайқысының» бірі. Ел ішінде кенже Әділ атымен танымал. Бозащы түбегін қыстап, Жем, Сағыз бойын жайлаған. Өтеғұлұлы өмірінің соңғы жылдарында кеңестік түрмеде отырған. Оның кейінгілерге жеткен әндері: «Жайма қоңыр», «Бес өрдек», «Әділдің қара әні».«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар