Панабекова Сұлупан«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 - (1938 ж. т., Ақтөбе облысы Шалқар ауданы) – педагог, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1977), КСРО «Оқу-ағарту саласының үздігі» (1982), аға мұғалім (1988). Орал педагогикалық институтын бітірген (1962). Еңбек жолын 1962 ж. С.Жанғабылов атындағы орта мектепте мұғалім болудан бастаған Панабекова зейнеткерлікке шыққанша ұстаздық қызмет атқарған. «Еңбектегі ерлігі үшін» (1971) медалімен, бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар