Сабыров Сармағамбетұлы (Дүйсенұлы) Базарбай (1950 ж. т., Өзбекстан, Шоманай ауданы, Майлыөзек ауылы) – жыршы, жырау. 13 жасынан бастап жыр додасына түскен. Бесқала өңіріндегі Жарқынбек, Дүзмағанбет, Сүгір, Наурызбек, Алдаберген, Жолжан мен Рейім жыраулардан орындаушылық мәнерді үйренген. Маңғыстау өңірінен 1966 ж. Алматы қаласында өткен жыраулар конференциясына қатысқан.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Байұлы тайпасы Адай руы Құнанорыс бөлімінен шыққан. Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақ жыраулары