Темірхан Ұлықпанұлы Смағұлов (1930, Астрахан облысы Владимиров ауданы Басқұншақ ауылы – 1984) – журналист, педагог. ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1949). 1949 – 56 жылы Шахта орта мектебінде мұғалім, «Сталин жолы» газетінің жауапты редакторы, 1956 – 61 жылы «Еңбек туы» газетінің редакторы, 1961 – 75 жылы ауданы партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, хатшысы, 1975 – 80 жылы ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі болды. 1980 жылдан «Жаңа өмір» газетінің редакторлығы қызметін атқарған. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1930 жылы туғандар

Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері