Борша-кісе - тауықтың, үйректің, қаздың, лақтың, қозының етіне күріш, пияз, бұрыш, шикі жұмыртқа мен сары май қосып дайындалатын тағам. Алдымен, ет ұсақтап тұралады, оған күріш, пияз қосылады, жұмыртқа жарылып құйыльш, сары май салынады, тұздалып, бұрышталады. Сөйтіп, жақсылап араластырылады да бүйенге тығылады. Осылай дайындалған борша-кісе су құйылған қазанға салынып пісіріледі (30-90 мин).Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1

Дереккөздер