Шакен Сұлтан (1936 жылы туған, Ресей, Орынбор облысы, Александровка ауданы, Новомихайловка с.) – ауыл шаруашылығы саласының маманы.
Орынбор ауыл шаруашылық институтын (1963) Алматы Жоғарғы партия мектебін (1970) бітірген. 1970 – 80 жылы Гурьев (қазіргі Атырау), Маңғыстау облыстарында партия қызметкері, ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі 1980 – 86 жылы ұжымшарлардың Маңғыстау облысы өндірістік басқармасының бастығы, директоры 1986 – 88 жылы агроөнеркәсіптік кешен жұмысшылары Маңғыстау облысы кәсіподақ комитетінің төрағасы 1988 – 94 жылы Маңғыстау агропром комитетінде, сақтандыру фирмасында қызметтер атқарды.
Марапаттары «Құрмет белгісі» (1975) ордені «Еңбектегі ерлігі үшін» (1966) «Ерен еңбегі үшін» (1970 медальдарымен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978
Дереккөздер
Санат:1936 жылы туғандар Санат:Александровка ауданында (Орынбор облысы) туғандар Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:Орынбор ауыл шаруашылығы институты түлектері Санат:Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері