Авиациялық тәжірибелік бомба (АГІБ) — ұшқыштар құрамын бомба тастауға үйретуге арналған бомба түрі. Бомбаның пиротехникалық құраммен жабдықталған шойын немесе цемент (керамикалық) корпусы бар. Авиациялық тәжірибелік бомбаның түсу нүктесін күндіз түтінді бұлттың пайда болуы немесе түнде фотоқұрамның жануы арқылы белгілейді. Кейбір авиациялық тәжірибелік бомбалар траекторияны белгілеу үшін трассерленген құраммен жабдықталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Авиациялық бомбалар