Доғаның вольт-амперлік (статикалық) сипаттамасы (Вольт-амперная (статическая) характеристика дуги) — доға кернеуі мен тогы арасындағы тәуелділік U=f(I). Бұл тәуелділік үш аумаққа бөлінеді: 1) доға тогы өскен сайын оның кернеуі төмендейді (ылдыйлаған сипаттама); 2) ток шамасы өсуінде кернеу тұрақтылығын сақтайды (қатаң сипаттама); 3) ток шамасы өскен сайын кернеу де өседі (өрленген сипаттама).Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Дереккөздер
Вольт-амперлік сипаттама
Санат:Техника Санат:Машина жасау