Бітімгершілік батальоны () — бітімгершілік операцияларына катысу үшін жасақталған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің контингенті. Әскери-саяси мүдделердің ортақдығына ден қоя отырып және ұжымдык әскери кауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерді шогырландырудың қажеттілігіне карай Қазақстан Республикасы Ұжымдык қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттермен өзінің ісөрекетін мынадай салаларда үйлестіреді: — әскери саясатты және әскери доктринаны калыптастыру бағыттарын үйлестіру; — аймақтык принцип бойыша ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру; — ТМД-ның сырткы шекараларын бірлесіп күзету; — әуе шабуылына қарсы қорғаныстың біріккен жүйесін жетілдіру; — экстремизмге және терроризмге қарсы бірлескен күрес; — әскери-техникалык ынтымактастыкты одан әрі дамыту; — әскери инфрақұрылымды дамыту; — әскери кадрлар даярлау; — әскери ғылымды дамыту. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс