Тәукенов Базар (1941 жылы туған, Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылы) – шопан. 1957 – 1982 жылдары жергілікті кеңшарларда қой бағып, мал басының көбейтуде ерекше табыстарға қол жеткізді. Мәскеудегі Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысқан (1968). Еңбек даңқы орденімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер