Бутендер, сондай-ақ бутилендер деп те аталатын, формуласы C4H8 болатын алкендер тобына жататын көмірсутектер. «Бутендер» - изомерлер тобы. Бутендер — шикі мұнай құрамында өте аз мөлшерде болатын, өнеркәсіптік тұрғыдан тікелей бөліп алуға жеткіліксіз концентрацияда кездесетін түссіз газдар. Сондықтан бутенді каталитикалық крекинг арқылы, яғни шикі мұнайды айдау кезінде қалған ұзын тізбекті көмірсутектерді ыдырату нәтижесінде алады. Крекинг процесі көптеген өнімдердің қоспасын түзеді, ал бутен осы қоспадан фракциялық айдау арқылы бөлініп алынады.Geilen, Frank M.A.; Stochniol, Guido; Peitz, Stephan; Schulte-Koerne, Ekkehard (2014). "Butenes". Ullmann's Encyclopedia of Industrial Chemistry. Weinheim: Wiley-VCH. doi:10.1002/14356007.a04_483.pub3. ISBN 978-3-527-30673-2.

Бутендер мұнай өңдеу кезінде түзілетін C4-фракциялар — раффинаттардың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Құрамында бутадиен бар раффинаттар канцерогендік және мутагендік қасиетке ие деп есептеледі.Safety Data Sheet pcs.com.sg April 2017 Олар әрі қарай өңдеу үшін шикізат ретінде (мысалы, алкилдеу қондырғыларында) немесе өнеркәсіптік отын ретінде пайдаланылуы мүмкін. Кей жағдайларда оларды өндірістік емес мақсатта сұйытылған мұнай газына (LPG) араластырады, алайда бұл, әдетте, тыйым салынған.

Изомерлер Бутеннің 4 изомері бар. Олардың барлығының формуласы бірдей, бірақ структурасы мен екілік байланыстың позициясы әртүрлі: Аты IUPAC бойынша аты Структурасы 2D суреті 3D моделі 1-Бутен, α-бутилен Бут-1-ен цис-2-бутен, цис-β-бутилен (2Z)-бут-2-ен транс-2-бутен, транс-β-бутилен (2E)-бут-2-ен изобутен, изобутилен 2-метилпроп-1-ен

Дереккөздер

Санат:Алкендер