Нұрнияз Мұханов (1948 жылы 27 маусымда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған) — Маңғыстау облыстық музыкалы драма театрының директоры. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1987). Құрмет орденінің иегері (2007). Маңғыстау облысының құрметті азаматы (2017).

Толығырақ Нұрнияз Мұханов 1948 жылы 27 маусымда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опера студиясын және Шымкент қаласындағы мәдениет институтын бітірген. Еңбек жолын Маңғыстау облысы халық шығармалық әдістемелік орталықтың директоры (1973), облыстық қуыршақ театры директорының орынбасары, Қарақия ауданы мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1989 – 1990), облыс филармонияның директоры (1990 – 1995), облыс мәдениет басқармасының бастығы (1995 – 2005) болды. 2006 жылдан Маңғыстау облыстық музыкалы драма театрының директоры Ол «Жастар» халық ансамблін, «Кең жайлау», «Ақ желкен» үгіт бригадаларын, «Алтыбақан», «Маңғыстау маржандары», «Ақжарма» ансамблі секілді өнер ұжымдарын ұйымдастыру жұмысына елеулі үлес қосты. Бүкілодақтық халық шығарм. фестивальдарының лауреаты.

Марапаттары 1986 - КСРОның үздік мәдениет қызметкері 1987 - Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (құрметті атағы); 2000 - Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағы берілді. 2001 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі 2007 - ҚР Президентінің жарлығымен "Құрмет ордені" мен марапатталды 2008 - "Астанаға 10 жыл" медалі 2011 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі 2015 - Қарақия ауданының құрметті азаматы 2016 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі 2017 - Нұрмұхан Жантөрин атындағы медалінің иегері. Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің жеке алғыс хаттарымен марапатталған. 2017 — Маңғыстау облысының құрметті азаматы (құрметті атағы)

Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Санат:Маңғыстау облысының құрметті азаматтары