Есенқазақ – Қаратүлей сорының оңтүстігінде жатқан қоныс. Маңғыстау және Бейнеу аудандары жерінде орналасқан.

Жазық келген жер бедері теңіз деңгейінен 100 м-дей жоғары жатыр. Ұзындығы 60 км-ге жуық, енді жері 15 км-дей. Қоныстың солтүстік-шығысында шағын келген сексеуіл тоғайы бар. Шөбі шүйгін, тұщы су құдықтары (Бесшыңырау, Сарлықұдық, т.б.) болғандықтан қоныс мал жайылымына пайдаланылады.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау облысы қоныстары Санат:Маңғыстау ауданы географиясы Санат:Бейнеу ауданы географиясы