Владимир Сергеевич Толстов (19.07.1884, Лохвиц – 29.04.1956, Брисбен) – әскери қайраткер, генерал-лейтенант.

Николаевск кавалерия училищесін бітірген (1905). Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, 6-Орал полкінің командирі болды. 1919 ж. Орал казак әскерінің атаманы болып сайланған. Астрахан совдепіне қарсы көтеріліп, Орал әскерінің Гурьев тобын басқарған. 1919 – 1920 жылдары Орал армиясының командирі болды. Гурьев түбіндегі ұрыста жеңілген соң, 1920 жылы 5 қаңтарда армиясының қалғанымен, босқындармен (15000 адам) Форт-Александровскіге шегінген. «Ажал маршы» немесе «Қырдағы мұз жорығы» аталған бұл сапарда Фортқа 2000 әскер ғана жете алды. 13 мың адам үсіп, ауырып жолда қаза тапты. Фортқа қызылдардың флоты таяп келген соң Толстов 214 казакпен Красноводскіге (қазіргі Түрікменбашы) қашты. 1920 жылы 22 мамырда 162 казакпен Персия (қазіргі Иран) шекарасынан өтіп, Басра қаласындағы (Иракта) лагерьге орналасты. 1923 – 1942 жылдары Францияда тұрды.

1942 жылы Австралияға кетіп, кәсіпкерлікпен айналысты, мемуар жазды. Сонда «Ажал маршы» кезінде қолын қырған қазақтарға деген кегін «құдай бұрынғы дәуренімді қайтып берсе ең соңғы адайдың қаңқасын Эрмитажға қояр едім» деген сөздерін қағазға түсірген.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;

Дереккөздер

Санат:19 шілдеде туғандар Санат:1884 жылы туғандар Санат:Лохвицте туғандар Санат:29 сәуірде қайтыс болғандар Санат:1956 жылы қайтыс болғандар Санат:Брисбенде қайтыс болғандар Санат:IV сыныпты Әулие Георгий орденінің иегерлері Санат:III дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:4 дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:Қылышты III дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:Николаевск кавалерия училищесі түлектері Санат:Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар Санат:Жайық және Орал казачество жасағының атамандары Санат:Ресей генерал-лейтенанттары (Ақтар қозғалысы) Санат:Аустралиядағы бірінші толқын орыс эмигранттары Санат:Аустралиядағы казачество