Қоспаев Қасен. 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданының Мерген ауылында туған. Қаршы орталау мектебінде 8 сыныптық білім алды. 1942 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылып, I Украина, I және II Белоруссия майдандарында, 28-гвардиялық мотоатқыштар бригадасында, 8 – гвардиялық танк корпусында барлаушы болып, Батыс Украинаны, Польшаны азат етуге, Кенингсберг, Моблин, Люблин, Данциг қалаларын алуға қатысты.
Соғысты аяқтап, елге оралғаннан кейін Қаршы орталау мектебінде оқытушы болды. Ұстаздық ете жүріп, әуелі сырттай Орал педагогикалық училищесін, кейін педагогикалық институтты бітірді . 1954 жылдан бастап 25 жыл бойы партия, Кеңес, шаруашылық органдарында қызмет етті. Соғыс жылдарындағы және бейбіт кезеңдегі ерлігі мен еңбегі үшін Қасен аға екі рет I дәрежелі «Отан соғысы», екі рет «Қызыл Жұлдыз», «Октябрь Революциясы» ордендерімен, көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет Грамотасымен» 2 рет марапатталды.
Қасен ақсақал бір қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп, 10 немере сүйіп отыр. Соңғы 10 жылдың үстінде қоғамдық негізде Ақжайық ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы жұмысын атқарып келеді.
Дереккөздер «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы
Санат:Тұлғалар Санат:Тарих