Күштер мен құралдарды бытыратып орналастыру — қарсыластың жою құраддарынан болатын шығындарды азайту мақсатында жүргізілетін шара.

Бастапкы аудандарда (шоғырландыру аудандарында, корғаныс аудандарында) құрамаларды сирете орналастыру арқылы, әскерлерді (күштерді) ілгерілету кезінде бір-бірінен белгіленген қашықтыкта бағыттас жолдарды таңдау және машиналар, бөлімшелер, бөлімдер араларында тиісінше арақашықтықтар жасау арқылы жүзеге асырылады.

Бытыратып орналастыру дәрежесі орындалатын тапсырмаға, басқару мүмкіндігіне, жергілікті жер сипатына, жыл мезгіліне, метеорологиялық, ауа райы және т.б. жағдайларға байланысты. Ядролық қару мен қарулануға орай Күштер мен құралдарды бытыратып орналастырудың ең төменгі шегі қатар әрекет етуші (орналасқан) бөлімшелердің (бөлімдердің) бір мезгілде шығынға ұшырауына жол бермеу есебімен анықталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс