Қазақстан Республикасының шекарадағы өкілдері -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы тәртібін сақтауга байланысты мәселелерді шешу үшін, сондай-ақ шекаралық жанжалдарды реттеу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасьшың белгілі бір өңірлеріне шекара әскерлерінің офицерлері қатарынан, белгіленген тәртіп бойынша, Қазақстан Республикасының шекарадағы өкілдері тағайындалады. Қазақстан Республикасының шекарадағы өкілдері Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының шарттарын басшылыкка алады. Шекарадағы өкілдер реттемеген мәселелер дипломатиялык арналар бойынша шешіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс Санат:Қазақ ұлттық энциклопедиясы