«Қарабақ» () — Әзірбайжанның Агдам қаласындағы футбол клубы. 1951 жылы «Мэхсул» деген атаумен құрылды. Кейін де атауын бірнеше рет өзгертті. 2004 жылы қазіргі атауына ие болды. Әзірбайжанның соңғы жылдардағы ең мықты клубтарының бірі, 2017/18 жылғы маусымда Әзірбайжан клубтары арасында бірінші боп УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турнирінде ойнады.

Атаулары

1951—1977 — «Мэхсул» 1977—1982 — «Шафаг» 1982—1987 — «Кооператор» 1987—2001 — «Қарабақ» 2001—2004 — «Қарабақ-Азерсун» 2004 — «Қарабақ»

Жетістіктері

Ұлттық Әзірбайжан чемпионаты

Чемпион (12): 1992/93, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2021/22, 2022/23, 2023/24, 2024/25 2-орын (5): 1993/94, 1996/97, 2012/13, 2020/21, 2025/26 3-орын (4):: 2001/02, 2003/04, 2009/10, 2010/11

Әзірбайжан кубогы

Жеңімпаз (6): 1993, 2005/06, 2008/09, 2014/15, 2015/16, 2016/17 Финалист (3): 1995/96, 1997/98, 1999/00

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт Чемпиондар лигасындағы жұмбақ команда

Санат:Әзербайжан футбол клубтары