Үлгі әлеуеттері - потенциалдың математикалық ұғымына негізделген, өріс теориясынан алынған, географиялық зерттеулерде кеңістіктегі өзара әрекеттерді зерттеу үшін пайдаланылатын үлгілер. Географиялық кеңістіктің белгілі бір бөлігінің кез келген нүктесінің (пункт) әлеуеті оған барлық басқа нүктелердің немесе барлық пункттердің жиынтық әсерінің өлшемі болып табылады. Үлгі әлеуеттері қоныстану аясы ұғымы пайдаланылатын қоныстану жүйесін зерттеу кезінде өте жиі қолданылады.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия