Қайыққа қарсы қорғаныс кемесі (Корабль противолодочной обороны) — қарсыластың сүңгуір қайықтарын тауыл, жоюға және ұрыс кемелері мен күзетші кемелердің олардан қорғанысын қамтамасыз етуге (қайық шабуылынан қорғауға) арналған кеме. Қайыққа қарсы қорғаныс кемесіде су үстіндегі және су астындағы гидроакустикалық және радиолокациялық құралдар болады және маневр жасауға икемді келеді. Қайыққа қарсы қорғаныс кемесінің қаруларына қайыкка карсы ракеталар, торпедалар, тереңге арналған бомбалар, сол сияқты бомбаатарлар, зеңбіректер мен басқа да техника жатады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Кемелер Санат:Әскери-теңіз флоты